«ДӘРМЕК»: Талдықорғанда есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу шаралары күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы Полиция департаменті жанындағы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «ДӘРМЕК» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Оның басты мақсаты — Талдықорған қаласы аумағында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу және тыйым салынған заттардың заңсыз айналымын тоқтату.

Іс-шара аясында тәртіп сақшылары ойын-сауық орындарында, кафе, барлар мен мейрамханаларда профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Нысандардың әкімшілігі мен қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аударылуда. Полицейлер қолданыстағы заңнама талаптарын және есірткі құралдары мен күшті әсер ететін заттарды заңсыз сақтау, өткізу және тарату фактілеріне жол бергені үшін жауапкершілік бар екенін еске салуда.

Мұндай шаралар құқық бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, ең алдымен олардың алдын алуға бағытталған.

«Біздің міндетіміз — қоғамдық орындарда есірткі мен күшті әсер ететін заттардың таралуына жол бермеу. Біз профилактикаға және кәсіпкерлермен өзара іс-қимылға басымдық береміз. Жауапкершілікті әр тарап — мекеме иелері де, олардың қызметкерлері де сезінуі тиіс», — деп атап өтті ведомство өкілдері.

Заңнамадағы өзгерістерге де ерекше назар аударылуда. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшті әсер ететін заттардың, соның ішінде «күлдіргіш газ» ретінде белгілі азот тотығының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Мұндай заттарды заңсыз өткізу және тарату Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 301-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Жетісу облысының полициясы кәсіпкерлер мен өңір тұрғындарын заң талаптарын қатаң сақтауға және құқыққа қайшы әрекеттер фактілері туралы дереу хабарлауға шақырады. Профилактика және қоғамның ортақ жауапкершілігі — есірткі қылмысына қарсы күрестегі негізгі факторлар.

#заңментәртіп
#алдыналушарасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1166267?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді