Депутаттар тұрғындарды қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылдың 16-20 ақпан аралығында азаматтарды жеке қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары М.Есжанов, Ә.Мампаев, А.Төлегенова және Ғ.Байсейтов қабылдауларын өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қаланың коммуналдық саласына және тағы басқа мәселелер көтерілді:
-«Ақжарма» ауылдық округінің орталық көшелеріне аяқ судың толық келмейтіндігі:
-«Ақмешіт» мөлтек ауданы №2 көпқабатты тұрғын үй ауласындағы темірбетон астаушаларды аяқ сумен камтамасыз ету;
-«Сәулет» тұрғын ауданы, Түркістан көшесі мен Жеңіс көшелері қиылысындағы бос жерге балалар ойын алаңын салу;
-«Коммунизм» тұрғын ауданы, Ж.Маханбетов тұйығына кешкі жарық шамдарын орнату мәселесі.
Тұрғындардың өтініштері тыңдалып, депутаттар тарапынан құзырлы органдарға депутаттық сауалдар жолданып, мәселелердің шешілуіне жұмыс жасалатындығы жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1166572?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді