
2026 жылғы 18 ақпанда Павлодар қаласында Павлодар облысының Кәсіподақтар орталығы аумақтық бірлестігінің алаңында Қазақстан Республикасының 2026 жылғы заңнамасындағы жаңашылдықтарға арналған семинар өткізілді.
Семинар барысында спикер – мемлекеттік еңбек инспекторы еңбек заңнамасындағы өзекті өзгерістерді, Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін жүргізу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік мәселелерін, сондай-ақ еңбек ұжымдарында қудалауға (сталкингке) және өзге де психологиялық қысым көрсету нысандарына жол бермеу мәселелерін түсіндірді.
Іс-шараға сот өкілдері, жоғары оқу орындарының өкілдері, мемлекеттік органдар, ұлттық қауымдастықтар мен кәсіподақтар федерацияларының өкілдері, сондай-ақ өңір кәсіпорындары мен ұйымдарының кадр қызметкерлері қатысты: «Павлодарэнерго» АҚ, «ПРЭК» АҚ, «ПТС» ЖШС, «Каустик» АҚ, «УПНК-ПВ» ЖШС, «САЭМ» ЖШС.
#Qurmet

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1165866?lang=kk

Жауап қалдыру