«Көктем-2026» шарасына белсенді дайындық: СҚО-да жұмыс күшейтілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімдігінде тасқын мәселелері бойынша үйлестіру жиналысы өткізілді.

«Көктем-2026» РҚШОЖ аясында облыс әкімінің орынбасары Кенесов Н.М. төрағалық еткен үйлестіру жиналысы өтті. Жиналысқа мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің қызметкерлері, аумақтық бөлімшелердің басшылары және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Жиналыста басқару органдары мен күштердің тасқын кезеңіне дайындық деңгейі қаралды, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде өзара әрекеттесу алгоритмдері нақтыланды.

Арнайы назар жедел әрекет етуге, материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, құтқару бөлімшелерінің, инженерлік техниканың және халықты хабарландыру жүйелерінің дайын болуына аударылды. Жиналыс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалу мерзімдері белгіленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-sko/press/news/details/1166443?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді