
2026 жылғы 16 ақпанда Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Қарағанды теміржол ауруханасы» ЖШС ұйымдастыруымен өткен Қарағанды-Сұрыптау және Қарағанды-Жолаушылар станцияларының көлік қызметкерлерінің мерзімді медициналық қарап-тексеру нәтижелерін қорытындылау отырысына қатысты.
Жеті теміржол ұйымының өкілдерімен жұмыс барысында мерзімді міндетті медициналық тексерулерді жүргізу мәселелері талқыланып, қызылша, туберкулез және құтырманың алдын алу шаралары түсіндірілді.
Медициналық тексерулердің нәтижелерін қорытындылау аяқталғаннан кейін құтырма және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша жадынамалар таратылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1166005?lang=kk

Жауап қалдыру