
2026 жылғы 18 ақпан
Көлік қызметкерлерінің санитариялық-гигиеналық сауаттылығын арттыру, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу, сондай-ақ теміржол көлігі объектілерінде инфекциялық, паразиттік және кәсіптік аурулардың, уланулар мен жұқпалы аурулар өршуінің алдын алу мақсатында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шара барысында «Вагон-сервис» АҚ жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Ақмола филиалының Қарағанды телімінің әкімшілік-басқару қызметкерлері арасында адам папилломавирусы, құтырма, қызылша сияқты жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар семинар аясында қатысушыларға қызметкерлердің денсаулығын сақтауға және нығайтуға ықпал ететін қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыруды көздейтін «Салауатты жұмыс орны» ұғымы туралы түсініктемелер берілді. Еңбекшілер мен қоғам денсаулығын нығайтуға бағытталған жобаның кезеңдері мен негізгі бағыттары таныстырылып, еңбекке уақытша жарамсыздыққа байланысты сырқаттанушылық мәселелері талқыланды. Іс-шара қорытындысында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, өзекті тақырыптар бойынша жадынамалар мен брошюралар таратылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1166097?lang=kk

Жауап қалдыру