
БҮГІН, 20 ақпанда, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұжымының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бақтияр Макеев және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі, “АМАНАТ” партиясының Қарағанды облыстық филиалы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі төрағасының орынбасары Рустам Танишбековпен кездесу өтті.
Кездесуге Департаменттің, Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы және Әлихан Бөкейхан аудандарының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Мемлекет басшысының “Мемлекеттік қызмет туралы” жаңа Заңды әзірлеу және мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде тараптар мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелерді, проблемаларды талқылады, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру, қызметті бағалау, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен еңбек міндеттемелерін орындаған кезде туындауы мүмкін ар-намысы мен қадір-қасиетін іске асыру туралы мәселелер де айтылды.
Басшының орынбасары Бақтияр Макеев мемлекеттік қызметшілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді, кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік тәртіпті күшейту мәселелері талқыланды.
Кеңесте мемлекеттік қызметшілердің сұрақтары айтылды, өз тараптарынан спикерлер тиісті ұсыныстар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1166135?lang=kk

Жауап қалдыру