Милан Олимпиадасы: фристайл-акробатикадан 4 отандасымыздың іріктеудегі нәтижесі белгілі болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Милан-Кортина Олимпиадасында фристайл-акробатикадан ерлер арасындағы іріктеу кезеңі мәресіне жетті.

Жарыс жолына Қазақстан командасы сапынан Дінмұхаммед Райымқұл, Роман Иванов, Шерзод Хаширбаев және Асан Асылхан шықты.

Назарыңызға олардың іріктеудегі жоғарғы ұпайы мен нәтижесін ұсынамыз:
Роман Иванов 105.75 балл (13-орын)
Шерзод Хаширбаев 98.67 балл (16-орын)
Асылхан Асан 93.21. балл (18-орын)
Дінмұхаммед Райымқұл 90.50 балл (19-орын)

Барлығы іріктеуге 25 спортшы қатысты.

Айта кетейік, финалға алғашқы іріктеуде үздік 6, екінші кезеңде көп ұпай жинаған тағы 6 фристайл шебері жолдама алды. Алғашқы финал бүгін Астана уақытымен сағат 17:30-де басталады.

Енді ертең аралас командалық сайыста (микст) Қазақстан командасы сынға түседі. Әр құрама сапында 2 ер, 1 әйел фристайл шебері болады.

Фото:Тұрар ҚАЗАНҒАП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1166637?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді