
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі азаматтарға сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында жүзеге асырылуда. Жүйе халық денсаулығын нығайтуға және медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.
МӘМС аясында сақтандырылған азаматтар консультациялық-диагностикалық қызметтерді, бейінді мамандардың қабылдауын, зертханалық тексерулерді, жоспарлы стационарлық емдеуді және медициналық оңалтуды ала алады. Ал жедел медициналық көмек пен алғашқы медициналық-санитарлық қызметтер барлық азаматтарға көрсетіледі.
Жұмыс істейтін азаматтар үшін аударымдар жұмыс берушілер арқылы жүргізілсе, әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін жарналарды мемлекет төлейді. Осыған байланысты әр азаматтың сақтандыру мәртебесін уақытылы бақылауы маңызды.
МӘМС жүйесі – халықтың денсаулығын сақтауға бағытталған тиімді әлеуметтік қолдау шарасы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-ushtobe/press/news/details/1165783?lang=kk

Жауап қалдыру