ӨКІЛ ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі АлиИслам Байхадаммен бірлесіп, Қызылорда «Болашақ» университетінің жоғары колледжі студенттерімен кездесті.

         Кездесу барысында Омбудсмен өкілі студенттерге Қазақстан Республикасының Конституциясында және еліміз ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген адам мен азаматтың негізгі құқықтары туралы, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының маңызы мен “Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы” Конституциялық заңның негізгі ережелерін түсіндірді.

         Сонымен қатар, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, заң алдындағы жауапкершілік мәселелері қозғалып, «Заң мен тәртіп» қағидатының маңызына тоқталды. Аталған бағыт жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, заңға құрметпен қарауға және қоғамдық тәртіпті сақтауға тәрбиелеуге бағытталғаны атап өтілді.

         Кездесу аясында тараптар азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау тақырыбында бірлескен лекция өткізіп, жеке деректердің қауіпсіздігі, интернеттегі құқықтар мен қауіпсіз мінез-құлық қағидалары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

         Кездесу сұрақ-жауап форматында өтіп, студенттер өздерін толғандырған мәселелер бойынша толыққанды жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1166197?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді