
Қала аумағында ағаш бұтақтарын кесу және жасыл желекті қалыпқа келтіру жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда. Бұл шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ағаштардың дұрыс өсуіне жағдай жасау және қала келбетін жақсарту мақсатында қолға алынған.
Мамандар алдымен апатты жағдай тудыруы мүмкін, электр желілеріне жақын орналасқан немесе қураған бұтақтарды кесуде. Сонымен қатар, жол қозғалысына кедергі келтіретін және жаяу жүргіншілерге қолайсыздық туғызатын тал-бұтақтар ретке келтірілуде.
Жұмыстар арнайы техника мен білікті жұмысшылардың қатысуымен кезең-кезеңімен жүргізілуде. Кесілген бұтақтар дер кезінде шығарылып, аумақ тазалығы қамтамасыз етіледі.
Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жоспарға сәйкес жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1166563?lang=kk

Жауап қалдыру