
БҮГІН, 20 ақпанда, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас маман Айгүл Шатекованың қатысуымен аумақтық басқармалардың мамандарына арналған «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары, ағымдағы жылдың өткен кезеңі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысына талдау жүргізіле отырып, құқықтық жалпы білім беру дәрісі өткізілді.
Дәріс барысында аталмыш заңдардың сала қызметіне қатысты баптарына, ақпаратқа қолжетімділікті сапалы қамтамасыз ету, оның негізгі принциптері, ақпарат берушінің міндеттеріне негізгі түсініктер беріліп, басқарманың жауапты мамандарының әлеуметтік желілердегі ақпараттандыру жұмыстарын оңтайландыру, өзекті тақырыптар бойынша жергілікті тұрғындарды жан-жақты ақпараттандыру және т.б. мәселелер қарастырылды.
Осы ретте, спикер баяндамасынан кейін аумақтық басқармалардың осы салаға жауапты мамандарынан келіп түскен сұрақтарға жауаптар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1166334?lang=kk

Жауап қалдыру