Қарақия ауданында инфрақұрылымдық және абаттандыру жұмыстары бақылауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарақия ауданы әкімінің орынбасарлары мен аудандық бөлім басшылары жұмыс сапарымен Мұнайшы ауылы және Жетібай ауылына барып, бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандардың жай-күйімен танысты. Сапардың негізгі мақсаты-жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың орындалу барысын бақылау және мерзімдік талаптардың сақталуын қадағалау.

Іссапар барысында аудан басшылығы Еділ суын тазарту ғимаратына арнайы барып, онда жүргізіліп жатқан құбырды қосу жұмыстарының сапасы мен қарқынын зерделеді. Жауапты мамандардың мәліметінше, аталған нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Бұл жоба елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болып саналады.

Сонымен қатар, жұмыс тобы Ынтымақ алаңын абаттандыру жұмыстарының барысын да бақылады. Аталған жоба аясында аумақты көркейту, инфрақұрылымды жаңарту және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру көзделген. Мердігер мекемемен жасалған келісімшарт талаптарына сәйкес, жұмыстар келісім жасалған күннен бастап 60 күн ішінде толық аяқталуы тиіс. Жоспар бойынша нысанды пайдалануға беру мерзімі-2026 жылдың наурыз айының аяғына дейін.

Аудан басшылығы жауапты тұлғаларға құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстап, жұмысты белгіленген мерзімде әрі талапқа сай аяқтауды тапсырды. Бұл шаралар өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың жалғасы болып табылады.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1166505?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді