«Қауіпсіз ауыл»: Есіл ауданында 848 үй қорғауға алынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қауіпсіз ауыл»: Есіл ауданында 848 үй қорғауға алынды

Есіл ауданында «Қауіпсіз ауыл» акциясы жүзеге асырылуда. Бұл шара Каратал ауылы тұрғындарының өрт қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Жергілікті атқарушы органдар мен бизнес өкілдерінің қолдауымен үйлерге түтін және көміртек тотығы газын анықтайтын датчиктер орнатылуда.

Әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қорғау мақсатында жергілікті бюджет есебінен өрт дабыл құрылғылары сатып алынды. Есіл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар бірігіп, бұл құрылғыларды 848 тұрғын үйге орнатты. Онда жалғыз тұратын зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрады.

Мұндай шаралар қауіптің алдын алуға және адам өмірін сақтауға мүмкіндік береді. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-sko/press/news/details/1166047?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді