
2026 жылдың 19 ақпанында «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында әкімшілік бөлімнің басшысы Салтанат Аитова Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасына енгізілген өзгерістерді талқылауға қатысты. Іс-шара Қостанай қаласының прокуратурасы мен Қостанай ауданы прокуратурасының алаңында өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасына енгізілген өзгерістерге қатысты негізгі мәселелер талқыланды.
Ұсынылған конституциялық өзгерістердің құқықтық мәні, сондай-ақ олардың мемлекеттік басқару жүйесіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғауға, құқықтық мемлекетті дамытуға ықпалы қарастырылды.
Қатысушылар пікір алмасып, өзекті проблемалық мәселелерді атап өтіп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудың және мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы ашық диалогты дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1166009?lang=kk

Жауап қалдыру