
Қосшы қаласының прокуратурасы «Қосшы су» ШЖҚ МКК еңбек ұжымымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында прокурорлар Конституцияға енгізілген негізгі жаңашылдықтар мен өзгерістердің мән-маңызын кеңінен түсіндіріп, олардың ел дамуы мен заң үстемдігін қамтамасыз етудегі рөліне тоқталды.
Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді. Аталған іс-шара қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1165816?lang=kk

Жауап қалдыру