Құтқарушылар шұғыл жағдайда көмекке келді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында облыстық маңызы бар «Өскемен – Тарғын – Самарское» автожолында үш жеңіл автокөлік қар құрсауында қалды.

Оқиға орнына жоғары өтімді техникамен құтқарушылар жедел жетті. Жолдан 10 адам, оның ішінде екі бала эвакуацияланды. Барлығы жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады.

Бұған дейін құтқарушылар қолайсыз ауа райы мен автожолдардың жабылуы туралы ескерткен болатын.

Азаматтарды қырағы болуға, қолайсыз ауа райында жолға шықпауға және өмірлеріне қауіп төндірмеуге шақырамыз. Төтенше жағдай туындаса, 112 нөміріне хабарласыңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1165994?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді