РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА ЖАСАЛҒАН ТАҢДАУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мойынқұм ауданында алдағы жалпыұлттық референдумның маңыздылығын халыққа кеңінен түсіндіру бағытындағы ақпараттық-насихат жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Осы бағыттағы кезекті кездесу Мойынқұм ауданындағы «Мойынқұм су-жылу» коммуналдық мекемесінің ұжымымен өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – алдағы референдумның маңызын түсіндіру, оның ел дамуы үшін тарихи мәнін жеткізу және азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуын ынталандыру болды.

Кездесу барысында қатысушыларға жалпыұлттық референдумның мәні мен маңызы жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, референдум – ел болашағына тікелей әсер ететін маңызды саяси науқан екені, әрбір азаматтың дауыс беру арқылы мемлекет дамуына қатысты маңызды шешімдерді қабылдауға қатыса алатыны кеңінен айтылды. Сонымен қатар референдум халық еркін білдірудің ең маңызды тетіктерінің бірі екені және оның демократиялық қоғамды дамытудағы рөлі ерекше екені атап өтілді.

Жиын барысында референдумға қатысудың маңыздылығы мен азаматтық жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға дауыс беру тәртібі, референдумның негізгі ерекшеліктері мен оның нәтижелерінің ел дамуына тигізетін ықпалы жөнінде түсіндірме берілді. Бұл шара тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік бастамаларға деген түсінігін кеңейтуге бағытталды.

Кездесу барысында «Мойынқұм су-жылу» мекемесінің қызметкерлері өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, пікір алмасты. Қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, қатысушылар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер назарға алынды. Ашық форматта өткен кездесу өзара сенімді диалог орнатуға және қатысушылардың референдумға қатысты көзқарастарын білдіруіне мүмкіндік берді.

Жалпы алғанда, мұндай ақпараттық-түсіндіру кездесулерінің басты мақсаты – әрбір азаматқа референдумның мәні мен маңызын жеткізу, халықтың саяси белсенділігін арттыру және ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымды қалыптастыру болып табылады.

Мойынқұм ауданында референдумды түсіндіру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, түрлі еңбек ұжымдары мен тұрғындар арасында өткізілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1166282?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді