«Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясындағы семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 13 ақпанда Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы «РТИ-АНПЗ» ЖШС қызметкерлері арасында семинар өткізді. Семинар барысында «Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында қызметкерлердің денсаулығын нығайту, қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейін өлім себептері бойынша екінші орында тұрған қатерлі ісіктердің пайда болу себептері, қауіп факторлары, олардың алдын алу жолдары, салауатты өмір салтын ұстану және емдеу шаралары талқыланды. Семинар барысында туберкулездің алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1166513?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді