Салық берешегінің шекті мөлшері туралы (2026 жыл)

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Салық берешегінің шекті мөлшері туралы (2026 жыл)

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексіне сәйкес салық берешегінің шекті мөлшері ұғымы енгізілді.

 Бұл нені білдіреді?
Салық берешегі уәкілетті орган айқындаған белгілі бір сомадан асқан жағдайда ғана салық органы мәжбүрлеу шараларын қолдана алады.

 2026 жылға шекті мөлшер:
АЕК – 4 325 теңге
20 АЕК = 86 500 теңге

Яғни, егер салық берешегі 86 500 теңгеден аз болса, салық органы тек хабарлама жібереді, бірақ мәжбүрлеу шараларын қолданбайды.

 Мұндай жағдайда:

Банктік шоттар бойынша шығыс операциялары тоқтатылмайды;

Мүлікке билік етуге шектеу қойылмайды;

Инкассалық өкімдер қойылмайды;

Дебиторлық берешек өндірілмейді;

Қазақстан Республикасынан шығуға шектеу қойылмайды.

 Бұл норма салық төлеушілерге берешекті ерікті түрде өтеуге мүмкіндік береді.

Салық міндеттемелерін уақытылы орындаңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1166250?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді