Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Бүгін Сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс 53-ші сессиясы өтті.

     Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабековтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессияның  күн тәртібінде: Сарысу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» № 48-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы; «Сарысу аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Сегізінші шақырылған                             Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №16-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы; «Аудан әкімдігінің дербес құрамымен келісу туралы» және «Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 17 мамырдағы №22-6  шешіміне өзгерістер  енгізу туралы мәселелер қаралды.

      Сессия жұмысына Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков, Жаңатас қаласының әкімі мен ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері және тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

    Күн тәртібіндегі мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялар және сессия отырысында тыңдалып, тиісті шешіммен қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sarysu/press/news/details/1166596?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді