Ұлытау селосы
Сегізінші шақырылған Ұлытау аудандық мәслихатының кезектен тыс ХLIV сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19 бабы 3 тармағы 1-1 ) тармақшасына сәйкес:
Ұлытау аудандық мәслихатының кезектен тыс ХLIV сессиясы 2026 жылғы 23 ақпанда аудандық мәслихаттың мәжіліс залында (Абай, 27) сағ: 12:00-де шақырылсын.
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
- Ұлытау аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы ХLІ сессиясының «Ұлытау ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» №247 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Ұлытау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы ХLІІ сессиясының «Ұлытау ауданының 2026-2028 жылдарға арналған кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы» №255 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда 2026 жылы әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы;
- Ұлытау аудандық мәслихатының 2026 жылғы 27 қаңтардағы ХLІІІ сессиясының «Ұлытау ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы” №259 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Әр түрлі мәселелер.
Төраға А.Құрмансейітов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-maslihat/press/news/details/1166024?lang=kk

Жауап қалдыру