Шахтинск қаласында бірлік пен мемлекеттік тілге арналған әдеби сағат өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 2026 жылғы 22 қаңтарда Шахтинск қаласының «Бастау» оқу –әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және ұлтаралық татулықты нығайту мақсатында этнос өкілдерінің қатысуымен «Ынтымағы жарасқан елміз»  атты әдеби сағат өткізілді. Бүгінгі әдеби сағатымызға Шахтинск қаласы кеншілер мәдениет сарайындағы «Парасат», «Коре сарам» және «Алсу» клубтарының әжелері қатысты.

Кеш барысында клуб мүшелері қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын мәнерлеп оқып, ана тілінің қадір-қасиеті туралы терең мағыналы ойларын ортаға салды. Әсіресе, этно-мәдени бірлестік өкілдерінің қазақ тіліндегі жырларды нақышына келтіріп орындауы кештің әсерлілігін арттыра түсті.

Сонымен қатар, әр қызықты әрі тағылымды ойындар ойнатылды. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дегендей  қатысушылар логикалық сұрақтар мен ұлттық ойын элементтері арқылы өз ептіліктерін көрсетті. Бұл ойындар кештің көркін қыздырып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Бүгінгі кешке қатысқан қатысушыларымызға  мың алғыс!!!      

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/culture-shahtinsk/press/news/details/1166555?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді