ШҚО полицейлері қала сыртындағы тасжолда қауіпті құқық бұзушыларды анықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО полицейлері қала сыртындағы тасжолда қауіпті құқық бұзушыларды анықтады

Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері өңірдегі тасжолдарда жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзудың бірқатар фактілерінің жолын кесті.

Мәселен, «Өскемен-Алтай-Рахман қайнарлары» тасжолында көлікті масаң күйде басқарған Chevrolet Cobalt автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі тоқтатылды. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Бұдан бөлек, аталған тасжолда бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған тұлғалардың көлік басқаруының екі фактісі анықталды. Олар Mitsubishi Challenger көлігінің 48 жастағы жүргізушісі мен Chevrolet Cobalt тізгіндеген 21 жастағы азамат болып шықты. Сотпен белгіленген тыйымға қарамастан, екі азамат та қайтадан рөлге отырған. Оларға қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, көлік құралдары арнайы тұраққа қойылды.

Полиция департаменті мұндай құқық бұзушылықтар жол қозғалысы қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіретінін атап өтті.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға, көлік тізгініне масаң күйде отырмауға және белгіленген шектеулерді назарсыз қалдырмауға шақырады.  

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1166245?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді