ШҚО полициясы «Резеңке пәтер» ЖПІШ-нің алғашқы күнінде 40-тан астам тіркеу бұзушылығын анықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО полициясы «Резеңке пәтер» ЖПІШ-нің алғашқы күнінде 40-тан астам тіркеу бұзушылығын анықтады

2026 жылдың 18–21 ақпан аралығында облыс аумағында Қазақстан азаматтары мен елімізде тұрақты тұратын шетелдіктердің көші-қон заңнамасы және тіркеу қағидаларын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған «Резеңке пәтер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Алғашқы тәуліктің өзінде полиция қызметкерлері тіркелген мекенжайы бойынша тұрмаған 42 фактіні анықтады. Тексеру нәтижесінде 10 күннен бір айға дейін тіркеусіз тұрған 25 адам және одан да ұзақ уақыт заң талаптарын бұзған 13 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар рейд барысында тіркеусіз заңсыз тұрған шетелдік азаматтардың 4 фактісі анықталып, жолы кесілді.

ШҚО ПД Көші-қон қызметі тіркеу талаптарын сақтау заңмен міндеттелгенін еске салады. Азаматтарды айыппұлдар мен өзге де құқықтық салдардың алдын алу үшін нақты тұратын мекенжайы бойынша уақытылы тіркелуге және белгіленген мерзімдерді сақтауға шақырады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1165854?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді