
Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Бурмашмұнай» ЖШС-нің борттық тамақтану цехы мен кафе қызметкерлеріне және «Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы» АҚ қызметкерлеріне семинар ұйымдастырып өткізді. Семинар барысында тамақтан уланудың және жіті ішек инфекцияларының алдын алу, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың профилактикасы, медициналық тексерулер жүргізу кезінде нормативтік құқықтық актілер талаптарын сақтау, сондай-ақ әуе көлігі объектілерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға өндірістік бақылау жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету және медициналық тексерулер кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау жөнінде түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, жадынамалар таратылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1166461?lang=kk

Жауап қалдыру