
Білім басқарма басшылықтары мен жұмысшылар арасында терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы дәріс өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – терроризм қаупі туындаған жағдайда қызметкерлердің іс-әрекет алгоритмін пысықтау, төтенше жағдайларда дұрыс әрі жедел шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
Оқу-жаттығу барысында:
- нысанның қауіпсіздік жүйелері тексерілді;
- эвакуация жоспары мен дабыл жүйелерінің жұмысы пысықталды;
- күдікті заттарды анықтау және хабарлау тәртібі түсіндірілді;
- әкімшілік құрамының міндеттері мен рөлдері анықталды.
Іс-шара барысында террористік тұрғыдан осал объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етілуіне ерекше назар аударылды.
Материал ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті ТҚО бөлімінің ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1166411?lang=kk

Жауап қалдыру