
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бүкілхалықтық деңгейде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы ел көлемінде қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың біріне айналды. Аталған бастама аясында Жетісай ауданы көлемінде де кешенді тазалық және абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Аудан әкімі Серік Мамытов тарапынан жүргізілген зерделеу және талдау жұмыстарының барысында қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне, коммуналдық мекемелердің басшыларына, сондай-ақ салаға жетекшілік ететін орынбасарларына нақты тапсырмалар жүктелген болатын.
Елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған тапсырмалар аясында аудан аумағында тазалық жұмыстары күшейтіліп, елді мекендерде жүйелі түрде іске асырылуда. Атап айтқанда, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың жиектері, ауылдардың кіреберіс қақпалары, саябақтар мен скверлер, адамдар жиі жүретін қоғамдық орындар, арық-атыздар мен каналдар тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартылуда.
Коммуналдық мекеме қызметкерлермен қатар, мекеме ұжымдары, тазалық жанашырларының қатысуымен өтіп жатқан шаралар бір реттік сенбілікпен шектелмей, тұрақты түрде жүргізілуде. Тиісті мекемелерге тазалық жұмыстарының сапасын бақылау, қоқыс шығару жұмыстарын тиімді ұйымдастыру және белгіленбеген орындарға қалдық тастаудың алдын алу бойынша нақты міндеттер жүктелген. Тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тазалықты сақтау жөнінде түсіндіру бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасын тауып, ауданның экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған нақты қадамдар жүзеге асырыла беретін болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1165907?lang=kk

Жауап қалдыру