
2026 жылғы 18 ақпанда Ualikhanov University алаңында тәжірибе алмасу, инновацияларды талқылау және Қазақстан мен өңірде инклюзивті білім беруді дамыту стратегияларын әзірлеу үшін платформаға айналған V Халықаралық педагогикалық форум өтті. Форумға педагогтар, ғалымдар, халықаралық және отандық сарапшылар, білім беру мекемелерінің, ҮЕҰ, жұмыс берушілердің өкілдері, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары қатысты.
Форумды университет ректоры Марат Сырлыбаев пен Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева алғы сөз сөйлеп, ашты.
Спикерлер ретінде инклюзивті ортамен тікелей жұмыс істейтін сарапшылар: Ақмола облысындағы инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы – Марат Ибраев, инклюзивті практика бойынша оқытушы-жаттықтырушы – Қаракөз Мұқышева және “Инклюзивті білім беру және нейроәртүрлілік” қауымдастырылған профессоры – Құлдархан Оразбаева сөз сөйледі.
Форумға халықаралық сарапшылар да қатысты: доктор Эндрю Вахтель-Орталық Азиядағы Америка университетінің президенті және Солтүстік-Батыс университетінің профессоры (АҚШ), Ирина Елисеева-арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері, Светлана Дорофеева-Экономика жоғары мектебінің (РФ) ми және сөйлеу орталығының аға ғылыми қызметкері, сондай – ақ білім беру және инклюзия саласындағы өңірлік сарапшылар, университет профессорлары-Лепешев Дмитрий және Исмагулова Айнагүл қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1165820?lang=kk

Жауап қалдыру