
2026 жылдың 15 наурызына тағайындалған республикалық референдумды дайындау және өткізу бойынша Қарқаралы аудандық аумақтық референдум комиссиясы 2026 жылдың 20 ақпанында учаскелік комиссиялардың мүшелеріне арналған оқыту семинарын өткізді.
Оқу семинарына учаскелік референдум комиссияларының 153 мүшесі: төрағалар, төраға орынбасарлары және хатшылар қатысты. Семинардың негізгі мақсаты ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, заңнаманың біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету, референдумды ұйымдастырудағы ашықтық және заңдылық қағидаттарын сақтау болды.
Каскадтық әдіспен өткізілген семинарда учаскелік комиссиялардың ұйымдастыру дағдыларын, референдумға қатысушылардың тізімдерін жасау тәртібі, құжаттама ережелері, дауыс беру рәсімдерін оңтайландыру, соның ішінде сайлау учаскелерінен тыс жерлерде дауыс беру мәселелері талқыланды. Жылдың осы мезгілінде ауа райы жағдайлары мен маңызды нысандардың тұрақты жұмыс істеу тәртібін ескере отырып, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл жоспары егжей-тегжейлі қарастырылды. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және осы бағыттағы сайлау заңнамасын сақтауға ерекше назар аударылды.
Қатысушыларға 2026 жылдың 15 наурызына тағайындалған республикалық референдумның заңнамалық талаптары мен ерекшеліктері туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ сайлау учаскелерін толық дайындалуын, бақылаушылармен қатар басқада осы процесске қатысушылармен өзара қарым-қатынас бойынша практикалық ұсыныстар берілді.
Семинардан кейін қатысушылар алынған ақпараттың өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті. Мұндай оқыту іс-шараларын өткізу учаскелік комиссия мүшелерінің сапалы жұмыс жүргізуіне және референдумның жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтуін қамтамасыз етеді деген тұжырымға келді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly/press/news/details/1166628?lang=kk

Жауап қалдыру