«Заң және тәртіп-Қауіпсіз балалық шақтың КЕПІЛІ»: Жітіқара ауданында құқықтық тәртіп пен салауатты өмір салтын нығайту үшін «көңілді старттар» өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысының “Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі” идеологиясын ілгерілету жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Жітіқара ауданында құқықтық тәртіпті нығайтуға және өскелең ұрпақтың мүдделерін қорғауға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізілуде.
2026 жылғы 14 ақпанда Жітіқара ауданының полиция бөлімімен білім бөлімімен және балалар-жасөспірімдер спорт мектебімен бірлесіп “Көңілді старт” спорттық-көпшілік іс-шарасы ұйымдастырып өткізілді.
Іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру, командалық рухты нығайту, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу.
Жарыстар жоғары ұйымдастырушылық деңгейде достық және жағымды қалыпта өтті. Қатысушылар белсенділік, ұйымшылдық пен жоғары дене даяралығын көрсетті.
Іс-шара қорытындысы бойынша барлық командалар кубоктармен, грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.

https://youtube.com/shorts/-nXy9Stsc5U?feature=share

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1166109?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді