
Жаңа Конституция жобасын талқылау мақсатында Шалқия облыстық оңалту орталығы және ауыл тұрғындарымен кездесу шарасы өтті. Кездесу барысында ауыл халқы өз өміріне тікелей әсер ететін мәселелерді ашық айтып, ойларын еркін жеткізді.
Кездесу кезінде коалиция өкілдері жаңа Конституциядағы өзгерістердің ел дамуын тұрақты етуге, азаматтардың әлеуметтік қорғалуын күшейтуге бағытталғанын атап өтті. Бұл бастамалар әр адамның құқығы мен жауапкершілігін айқындап, қоғамдағы тәртіп пен сенімді нығайтуға негіз болатыны айтылды.
Ауыл тұрғындары үшін Конституция тармақтары қағаздағы қағида емес, өмірмен біте қайнасқан нақты ұғым ретінде қабылданды. Ол – бала болашағына деген сенім, адал еңбектің қорғалуы, туған жерде алаңсыз ғұмыр кешу құқығы. Әңгіме барысында ауылды көркейту, жергілікті басқарудың рөлін арттыру, цифрлық мүмкіндіктер арқылы шаруаның жұмысын оңтайландыру мәселелері кеңінен қозғалды.
Ашық пікір алмасу ауыл халқының ел тағдырына бейжай қарамайтынын, өз құқықтары мен мүдделерін терең түсінетінін айқын көрсетті. Бұл – саналы қоғамның белгісі, берік болашақтың негізі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1166481?lang=kk

Жауап қалдыру