
Жаңасемей ауданында Жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Озерки ауылының ұстаздары қатысты.
Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасында адами капиталды дамытуға, білім, ғылым және инновацияларға басымдық берілгені кеңінен түсіндірілді. Қазіргі қарқынды өзгерістер кезеңінде мемлекеттің басты байлығы – адам капиталы екені атап өтілді. Сондықтан білім экономикасын қалыптастыру, зияткерлік әлеуетті арттыру және жастарға сапалы білім мен тең мүмкіндік беру – стратегиялық міндеттердің бірі ретінде айқындалғаны айтылды.
Кездесу барысында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қатысушылар «Таза Қазақстан» бастамасының маңызын талқылап, қоршаған ортаны қорғау тек заң талаптары арқылы емес, ең алдымен сана мен тәрбие арқылы жүзеге асатынын айтты. Жастардың экологиялық акцияларға белсенді қатысуы туған жерге деген жанашырлықтың нақты көрінісі екені айтылды.
Шараны Жаңасемей ауданы жастар орталығы директорының міндетін атқарушы Еркеназ Айтқожа жүргізіп, ұстаздармен ашық форматта пікір алмасты. Кездесу барысында ұсыныстар айтылып, ой-пікірлер ортаға салынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1165851?lang=kk

Жауап қалдыру