Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
КЕЛЕС АУДАНЫНДА «ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 120 МАМАН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН
Келес ауданында «Дипломмен ауылға» мемлекеттік жобасы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. 2009 жылдан бері қолға алынған жоба ауылдық жерлердегі маман тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған. Бағдарламаның мақсаты – денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласы, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдарын білікті кадрларын қамтамасыз ету.
Жобаға қатысушыларға бірқатар әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Ауылға жұмысқа барған мамандарға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы төленеді. Сонымен қатар, тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін аудан орталығында 2 500 айлық есептік көрсеткішке дейін, ал ауылдық елді мекендерде 2 000 айлық есептік көрсеткішке дейін бюджеттік несие беріледі. Несие 15 жыл мерзімге рәсімделеді. Міндетті шарт – маманның ауылдық жерде кемінде үш жыл еңбек етуі.
2025 жылы Келес ауданына келген 120 маманға бір реттік көтерме жәрдемақы беріліп, 55 маман тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік несиемен қамтылды. Бұл өз кезегінде білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және басқа да әлеуметтік салаларға қажетті кадрлардың ауылда тұрақтап қалуына мүмкіндік берді. Ал 2026 жылы 50 маманға көтерме жәрдемақы беру және 27 маманды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Жоспарлы жұмыстардың жалғасуы ауылдық аумақтардағы кадр тапшылығын азайтып, әлеуметтік қызмет сапасын арттыруға оң ықпал етеді деп күтілуде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_________
В КЕЛЕССКОМ РАЙОНЕ ПО ПРОГРАММЕ “С ДИПЛОМОМ В СЕЛО” ТРУДОУСТРОЕНО 120 СПЕЦИАЛИСТОВ
В Келесском районе регулярно реализуется государственный проект “С дипломом в село”. Проект, запущенный с 2009 года, направлен на решение проблемы дефицита специалистов в сельской местности. Цель программы – обеспечение квалифицированных кадров в сфере здравоохранения, образования, социальной защиты, культуры, спорта, агропромышленного комплекса, а также органов местного государственного управления.
Для участников проекта предусмотрен ряд мер социальной поддержки. Специалистам, выезжающим на работу в село, выплачивается единовременное подъемное пособие в размере 100 месячных расчетных показателей. Кроме того, для приобретения или строительства жилья в районном центре предоставляется бюджетный кредит до 2 500 месячных расчетных показателей, а в сельских населенных пунктах – до 2 000 месячных расчетных показателей. Кредит оформляется сроком на 15 лет. Обязательное условие – работа специалиста в сельской местности не менее трех лет.
В 2025 году 120 специалистам, прибывшим в Келесский район, были предоставлены единовременные подъемные пособия, 55 специалистов обеспечены бюджетными кредитами на приобретение или строительство жилья. Это, в свою очередь, позволило кадрам, необходимым для образования, здравоохранения, культуры, спорта и других социальных сфер, закрепиться на селе. А в 2026 году планируется предоставить подъемное пособие 50 специалистам и обеспечить жильем 27 специалистов. Ожидается, что продолжение плановой работы будет способствовать снижению дефицита кадров на сельских территориях и повышению качества социальных услуг.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1165944?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді