
Жанұя отбасын қорғау орталығы басшысы Азат Жанатқызы Қызылбалық ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында отбасы құндылықтарын нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әлеуметтік қолдау шаралары және құқықтық түсіндіру жұмыстары кеңінен қарастырылды.
Іс-шара ашық форматта өтіп, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті түсіндірмелер мен жауаптар алды. Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген мәселелер назарға алынып, алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-kyzylbalyk/press/news/details/1166070?lang=kk

Жауап қалдыру