«Жасанды интеллект: дағды, бағыт, болашаққа бағдар»: Астанада республикалық семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» мен №93 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект: дағды, бағыт, болашаққа бағдар» атты республикалық семинар өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мамандары, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» әдіскерлері, жоғары оқу орындарының ғалымдары, білім беру ұйымдарының басшылары, республика бойынша барлық пән мұғалімдері, сондай-ақ білім беру саласындағы халықаралық және отандық сарапшылар қатысты.

Семинар аясында қазіргі таңда жасанды интеллекттің білім беру жүйесіне енуі – уақыт талабы екенін тап өткен №93 мектеп-лицей директоры Бексұлтан Полатбекұлы бүгінгі білім беру кеңістігі жаңа технологиялармен тығыз байланысты дамып келе жатқанын айта келіп, мұндайда оқушылардың тек білім алып қана қоймай, оны өмірде қолдана алатын дағдыларды меңгеруі аса маңызды екеніне тоқталды.

«Жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісіне тиімді енгізу – бүгінгі күннің басты қажеттіліктерінің бірі. Бұл оқушылардың сыни ойлау, шығармашылық, цифрлық сауаттылық және проблемаларды шешу сияқты ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға жол ашады. Сондықтан заманауи педагогикалық тәсілдерді жетілдіру – уақыт талабы», – деді мектеп директоры.

Сондай-ақ семинар барысында қатысушылар жасанды интеллектінің білім беру жүйесіндегі нақты мүмкіндіктеріне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту, заманауи цифрлық педагогика элементтерін сабақта тиімді қолдану мәселелері назарға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1166207?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді