
Алға аудандық мәдениет үйінде өткен «Жігіт сұлтаны – 2026» байқауында Тамды ауылының намысын абыроймен қорғаған Қалауов Мұханбетәли Молбайұлы өз өнері, парасат-пайымы мен жоғары сахна мәдениеті арқылы ерекшеленіп, жүлделі ІІІ орынға және 30 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.
Аталған байқау – тек сымбат пен сән ғана емес, сонымен қатар білім мен тапқырлықты, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін рухани сайыс. Осындай тартысты додада Мұханбетәли Молбайұлы өзіне деген сенімділігі мен жігерін танытып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Бұл жетістік – Тамды ауылы үшін зор мәртебе. Жас сұлтанымыздың алар асуы әлі алда, жетістіктері еселене берсін!
Ел үмітін ақтаған азаматқа шығармашылық табыс, биік белестер мен толағай жеңістер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-tamdy/press/news/details/1166034?lang=kk

Жауап қалдыру