Жуалы ауданында орналасқан Ы. Алтынсарин және М.Әуезов атындағы мектептердің оқушылары үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар құтқарушылардың күнделікті қызметімен танысып, өрт сөндіру техникасын және өрт-техникалық құрал-жабдықтарды жақыннан көрді. Сонымен қатар, мамандар оқушыларға азаматтық қорғау саласындағы қызметтің маңызын түсіндіріп, ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы академиясына оқуға түсу талаптары мен мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және құтқарушы мамандығына қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Жауап қалдыру