
Елімізде жүзеге асып жатқан реформаларды қолдау және бірлігімізді нығайту мақсатында Байзақ аудандық Әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары Көкбастау ауылында «Елге тарту – ән думан» атты концерт өткізді.
Концертте «Байзақ» триосы, халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаттары Динара Қыпшақ, Дулат Жасұзақов, мәдениет саласының үздігі, сазгер Сәрсенбек Бәкір, дәстүрлі әнші Марлен Көпешов, жезтаңдай әнші Дамира Жұмабекова, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, мәдениет саласының үздігі, республикалық «Елім менің» патриоттық әндер байқауының жүлдегері Алмахан Исабаев туған елге, жерге деген әуезді әндерімен көрермендерді әдемі әсерге бөледі.
Жаңарған елдің жарқын болашағына арналған концерт А. Исабаевтың орындауындағы Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен қорытындыланды.
Аудан өнерпаздарының өнеріне ауыл тұрғындары дән риза болып, ыстық ықыластарын білдіріп, қошемет көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1166721?lang=kk

Жауап қалдыру