
Алматы қаласындағы балалар колониясында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «XX ғасырдың Гомері» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Айбын Ахмадиев пен Санжар Сейсембаев ұйымдастырған жыр кешінде жазасын өтеуші жасөспірімдер Жамбылдың өлеңдерін оқып, кітап көрмесін тамашалады.
Сондай-ақ әдеби кешке белсене қатысқан жасөспірімдер кітапхана тарапынан грамоталармен марапатталса, мекеме басшылығы тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырған кітапхана қызметкерлеріне алғыс білдірді.
Түрксіб мешіті мешітінің бас имамы Қанат Сансызбаев кәмелет жасқа толмаған сотталғандармен кездесіп, тағылымды сұхбат өткізді.
Кездесу барысында имам тәртіпті сақтаудың маңыздылығына тоқталып, адамның күнделікті өмірі жауапкершілікпен және көркем мінезбен өрілуі керектігін атап өтті. Сондай-ақ, әрбір жас өз ісіне жауап беріп, болашағына бейжай қарамауы тиіс екенін жеткізді.
Отбасында сыйластықты сақтау, қоғамда заңға бағыну, аманатқа адал болу – мұсылманның басты қағидалары екені ерекше айтылды.
Тәртіп – тек сыртқы талап емес, ол жүректегі жауапкершілік пен саналы таңдау.
Тәртіп бар жерде – береке бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almduis/press/news/details/1166678?lang=kk

Жауап қалдыру