
Жұмыс сапары аясында Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайыркен Әлиев Хромтау қаласына барып, тұрғындармен есептік кездесу өткізді.
Кездесуге аудан әкімі Нұрхан Тілеумұратов, аудандық мәслихат депутаттары, ішкі істер органдарының ардагерлері және ақсақалдар кеңесінің өкілдері қатысты. Ашық диалог барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ халықтың полицияға деген сенімін арттыру мәселелері талқыланды.
Департамент басшысы өңірдегі жедел-қызметтік қызметтің нәтижелері туралы баяндап, қылмыс деңгейін төмендету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар «қадамдық қолжетімді полиция» қағидатын жүзеге асыру, цифрландыру үдерісі, бейнебақылау жүйесін дамыту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тұрғындар тарапынан көтерілген сұрақтар бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Сапар барысында өнірдін бас полицей аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесіп, қызметтің басым бағыттарын айқындады. Ол қызметтік тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтау қажеттігін атап өтіп, қызметкерлерге адал еңбегі үшін алғыс білдірді.
Сондай-ақ департамент басшысы полиция қызметкерлері жаттығатын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болып, жасалған жағдаймен танысты. Қызметтік міндеттерді сапалы атқару үшін жоғары физикалық дайындық пен салауатты өмір салтының маңыздылығы атап өтілді.
Жұмыс сапары Хромтау тау-кен техникалық колледжіне барумен қорытындыланды. Аталған оқу орны тау-кен өндіру саласына қажетті мамандарды даярлайды. Сонымен қатар колледжде ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторларын оқыту жүзеге асырылады. Кездесу барысында жастармен профилактикалық жұмысты күшейту, кәсіби бағдар беру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде заманауи технологияларды пайдалану мәселелері талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1166687?lang=kk

Жауап қалдыру