
Абай облысында су тасқыны қаупі бар учаскелер мен гидротехникалық құрылыстарға әуеден тексеру жүргізілді. Облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов жетекшілік ететін жұмыс тобы – Төтенше жағдайлар департаментінің, Ертіс бассейндік су инспекциясы және «Қазгидромет» өкілдері Ертіс пен Үбі өзендерінің арналары, қар қорының көлемі және су шаруашылығы нысандарының техникалық жай-күйін бағалады.
Қорытындыға сәйкес өңірдегі гидрологиялық ахуал тұрақты. Шүлбі су электр станциясы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу және тартылған барлық қызметтердің өзара іс-қимылын тиімді үйлестіру мақсатында қосымша алдын алу шаралары айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1166754?lang=kk

Жауап қалдыру