
2–12 ақпан аралығында барлық мектептерде полиция бөлімінің ЖЮП қызметкерлері 1–8 сынып оқушылары арасында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, заңға қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік, мектепте және қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері, жол қозғалысы ережелерін сақтау, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, сондай-ақ интернет желісінде қарым-қатынас жасау кезіндегі сақтық шаралары тақырыптарында дәрістер өткізді.
Кездесулер барысында полиция қызметкерлері оқушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, тәртіпті сақтау мен айналадағы адамдарға құрметпен қараудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шарамен 833 оқушы қамтылды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1167395?lang=kk

Жауап қалдыру