2026 жылғы 17-20 ақпан аралығында Қарағанды қаласында 8-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер(қоғамдық-гуманитарлық бағыт) бойынша ғылыми жобалар конкурсының Республикалық кезеңі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 17-20 ақпан аралығында Қарағанды қаласында 8-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер(қоғамдық-гуманитарлық бағыт) бойынша ғылыми жобалар конкурсының Республикалық кезеңі өтті.
Абай облысының намысын қорғауға Семей қаласының мектептерінен оқушылары қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті,жүлделі І,ІІ орындарды және грамотамен марапатталды.
І дәрежелі диплом:
Антоненко Алексей – «№10 жалпы орта білім беретін мектебінің» 9-сынып оқушысы, орыс әдебиеті секциясы бойынша.
Жетекшілері – Аринова Жанбота Сериккалиевна;
ІІ дәрежелі диплом:
Базарканова Айгерім – «Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы білім беретін мектебінің» 8-сынып оқушысы, орыс әдебиеті секциясы бойынша. Жетекшілері – Улыкбекова Амангуль Ертугановна, Сагнаева Гаухар Мысыровна;
Грамота: Жақсылыкова Аңса– «№ 36 жалпы білім беретін мектебінің» 11-сынып оқушысы, ағылшын тілі секциясы бойынша. Жетекшілері – Нуракаева Зульфия Нурахмановна.
Бұл — табандылық пен тынымсыз еңбектің, ғылымға деген шынайы қызығушылықтың нәтижесі. Жас зерттеушілер биіктен көріне берсін! Оқушылардың биік шыңдардан көрінулеріне қолдау көрсеткен ата-аналары мен ұстаздарына алғыс білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/1166955?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді