
Күйдіргі – аса аса қауіпті инфекция.
Инфекция көзі – үй жануарлары.
Күйдіргі ауруы:
-ауру жұқтырған малды ветеринариялық куәландырусыз сойғанда;
– күйдіргі ауруының қоздырғыштары жұқтырылған етті тамаққа қолданғанда;
-күйдіргі ауруының қоздырғыштары жұқтырылған ауаны жұтқан кезде жұғуы мүмкін.
Күйдіргі ауруының қоздырғышы топырақта жүз жылға дейін сақталуы мүмкін.
Аурудың белгілері:
- Тері бубондық түрі – инфекция түскен тері қышып, іріңді дақ пайда болады. Содан кейін дақ күлдірейді, 2-6 күннен кейін қара қабыршықпен жабылған уытты ойық жараға айналады. Науқастың дене қызуы көтеріліп, басы ауырып, денесі құрысып ауырады.
- Ішектік түрі – іштің қатты ауырып, құсу және қан араласқан сұйық дәреттен басталады.
- Өкпелік түрі – дене қызуы көтеріліп, адам қатты қалтырайды, мол қақырық бөлінеді. 3-5 күннен кейін жедел өкпе жеткіліксіздігі пайда болып, яғни жүрек соғысы жиілеп, ауыр демікпе, естен тану мен өлім жағдайына алып әкеледі.
Алдын алудың негізгі шаралары:
- Үй жануарларының күтімі кезінде қорғаныш құралдарын қолдану және жеке бас гигиенасын сақтау (жануарлардың барлық түрлері ауырады);
- Күйдіргіге қарсы үй жануарларына профилактикалық екпе жүргізу қажет;
- Малды тек алдын ала ветеринариялық тексеріп-қараудан кейін ғана сою;
- Кездейсоқ адамдардан ет және сүт өнімдерін сатып алмау керек.
ӨЗІҢІЗДІ ЖӘНЕ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАҢЫЗ!
–

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-akkuly/press/news/details/1167365?lang=kk

Жауап қалдыру