
Биыл 74 өтінім келіп түсті, оның 37-сі дауыс беру кезеңіне жіберілді. Іріктеу қорытындысы бойынша 3 санат бойынша 9 жоба жеңімпаз атанды.
Қолдау тапқан бастамалар шеңберінде аула аумақтарын абаттандыру, асфальт төсеу, балалар ойын алаңдарын салу, шағын сәулет нысандарын орнату, сондай-ақ автотұрақтарды жабдықтау жұмыстары жүргізіледі.
Жобаларды іске асыру ағымдағы жылы бөлінген қаржы көлемі шегінде жоспарланып отыр.
Айта кететініміз, биыл өтінімдерді қабылдау және дауыс беру үдерісі ертерек ұйымдастырылды. Бұл негізгі жұмыстарды жылы мезгілде орындауға және балалардың демалыс кезеңінде жаңа ойын алаңдары мен жаңартылған аула кеңістіктерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Бағдарлама жеңімпаздарын құттықтаймыз және аудан тұрғындарына белсенділігі, бастамашылдығы әрі қалалық ортаны дамытуға бейжай қарамағаны үшін алғыс білдіреміз. Сіздердің үлестеріңіз — жайлы әрі абаттандырылған аудан құру жолындағы нақты қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-almaty/press/news/details/1168138?lang=kk

Жауап қалдыру