
Бүгін Дихан ауылдық дәрігерлік-амбулаториясында Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституция жобасын түсіндіруге арналған ұжымдық жиын өтті.
Онда Конституциялық реформа мен референдумның мәні жан-жақты талқыланды. Ауыл әкімі ең алдымен Конституцияның жаңа жобасын қабылдаудың қоғамдық маңызына тоқталды.
Ұсынылып отырған жаңа Конституция мемлекет билігінің тармақтарында теңгерімді қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық кепілдіктерін нығайту және билік пен қоғам арасындағы сенімді тереңдету секілді бастамаларды көздейді.
Сондай-ақ, референдум – Конституцияны қабылдауға қатысты қоғамдық пікірді тікелей білдірудің маңызды формасы екені айтылды.
Дауыс беру арқылы жаңа Конституцияға қатысты пікірді нақты көрсететінін, әр дауыс маңызды, себебі ол елдің болашағына әсер ететіні атап өтілді.
Амбулатория ұжымы жаңа реформаларға қатысты көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
Кездесу соңында қатысушылар Конституция жобасына қолдау білдіріп, өздерінің азаматтық ұстанымдарын нақтылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1168409?lang=kk

Жауап қалдыру