
2026 жылғы 25-27 ақпанда еліміздің барлық өңірлерінде «2026 жылғы көктемгі кезеңдегі су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуында төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу» тақырыбында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
Оқу-жаттығуды үйлестіру және басшылық ету облыстық штабы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде үш күн бойы профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі.
Сонымен қатар «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 2026 жылғы 25 ақпанда сағат 11.00-де еліміздің өңірлеріндегі барлық сирена-сөйлеу қондырғылары мен электрсиреналар қосылатын болады. Осыған орай тыныштық сақтап, үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз.
Аккредиттеу мәселелері бойынша
ТЖД баспасөз қызметіне
55-83-03
телефонына хабарласыңыздар
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1168533?lang=kk

Жауап қалдыру