
23 ақпан күні Ақтау қалалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында Ақтау қаласының 2026 жылға арналған даму жоспарлары жан-жақты талқыланды.
Қала әкімдігі тарапынан әлеуметтік саланы қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, автомобиль жолдарын салу және жөндеу бағыттарындағы алдағы жобалар таныстырылды. Сонымен қатар, жоспарланған іс-шараларды іске асыру тетіктері мен күтілетін нәтижелер бойынша ақпарат беріліп, Қоғамдық кеңес мүшелері өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Талқылау барысында бірқатар мәселелер бойынша нақтылау енгізу қажеттігі атап өтілді.
– 2026 жылға арналған жоспарлар қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беруі тиіс. Әрбір жоба тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталуы қажет. Қабылданатын шешімдер ашық талқыланып, қоғам пікірін ескере отырып жүзеге асырылуы маңызды, – деді Ақтау қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Съезбек Карипов.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1168192?lang=kk

Жауап қалдыру