
Аршалы ауданында «Құқықтық дәріхана» акциясы өтеді
2026 жылғы 26 ақпанда сағат 15:00-де Аршалы кентінде «Құқықтық дәріхана» консультативтік акциясы өтеді.
Іс-шара «Заң мен тәртіп» бастамасы аясында ұйымдастырылып, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, тегін заң көмегін көрсетуге және қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіруге бағытталған.
Акция барысында аудан тұрғындары келесі мәселелер бойынша кеңес ала алады:
еңбек заңнамасы;
әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік қолдау шаралары;
жер және мүліктік қатынастар;
азаматтардың құқықтарын қорғау;
өзге де құқықтық мәселелер.
Өтетін орны:
Аршалы кенті, Ж. Тәшенов көшесі, 47-үй, Жастар орталығы.
Баршаңызды аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-arshaly/press/news/details/1168229?lang=kk

Жауап қалдыру